"Қазақстан халқына" қорының қаржысына инвестициялық бағалы қағаздар сатып алынуы мүмкін. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов Expert Public Space онлайн-алаңына берген сұхбатында айтты.
Expert Public Space модераторы «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілінен елдегі инфляция деңгейінің жоғары екенін ескертіп, қордағы қаржыны қалай сақтайтынын сұрады.Қор тұжырымдамасын қамқоршылық кеңесі бекіткен. Айта кетейік, қамқоршылық кеңес құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар кірді. University Medical Center КҚ басқарма төрағасы Юрий Пя «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Әлібек Әбділовтің айтуынша, "Қазақстан халқына" қорынан көмек сұрап, өтінім берген азаматтарды қаржыландыру ақпан айының соңында басталуы мүмкін. Кейінгі мәліметтер бойынша, қазір қорда 117, 80 млрд теңге жиналды."Тұжырымдамада қордың қаржысын сақтап қалу үшін оны құнды қағаздарға инвестициялауға құқығы бар екені жазылған. Егер мұндай қажеттілік болса, инвестиция жасалады", – деді Әлібек Әбділов Expert Public Space онлайн-алаңында.