Ақтөбеде жол апатынан көлік қақ бөлінді
Ақтөбеде жол апатынан көлік қақ бөлінді
Фото: ПД-нен алынды

Ақтөбеде жол апаты салдарынан көлік қақ бөлінді. Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Самара-Шымкент тасжолының 705-шақырымында болды.

«Ваз – 21144» маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы жолақтағы «Опель Вектра» автокөлігімен соқтығысқан. «Жол апаты салдарынан ВАЗ автокөлігі қақ айырылған. Көлікте тек қана жүргізуші болды. Жарақат алған жоқ. «Опель Вектра» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін ақылы жолдардан жиналған қаражат туралы жазған болатынбыз.