Бақдәулет Сариев Тараз қаласы әкімінің орынбасары болды
Бақдәулет Сариев Тараз қаласы әкімінің орынбасары болды
Фото: merzim.kz
164
оқылды

Ол ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және жастар саясаты салаларына жауапты.

Бақдәулет Сариев еңбек жолын 2015 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алатау, Медеу аудандары бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2015-2017 жылдары – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің бас маманы. 2017 жылдан 2020 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеген. 2020-2021 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы. 2021-2022 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.