Ел ішінде астанаға көшіп келетіндер саны көбейді
Ел ішінде астанаға көшіп келетіндер саны көбейді
Фото: shymkenttv.kz
157
оқылды

Соңғы 4 жылда бірінші рет Алматыға қарағанда астанаға көшкендер үлесі басым түсті. 2021 жылы Алматыға 29,3 мың адам көшіп барған. Астанаға 31,9 мың адам қоныс аударған.

Алматыда қала халқының саны көшіп келушілердің есебінен 29,3 мың адамға көбейді. Бұл – 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Себебі, қалаға Алматы (36,2 мыңнан 30,4 мың адамға) және Жамбыл (8 мыңнан 6,5 мың адамға) облыстарынан көшіп келетіндер саны азайған. Ал өзге қалалардан Алматы облысы (16,5 мыңнан 19,3 мың адамға) мен Нұр-Сұлтанға (4,66 мыңнан 4,83 мың адамға) қоныс аударғандар саны өсті.

Астанаға тұрғындар көбінесе, Ақмола (+1,4 мыңнан 15,1 мың адамға дейін) және Қарағанды (+0,7 мыңнан 7,3 мың адамға дейін) облысынан көшіп келген.