Бейжің-2022: Ақмаржан Қалмұрзаева финалда секіргенде құлап қалды
Бейжің-2022: Ақмаржан Қалмұрзаева финалда секіргенде құлап қалды
Фото: olympic.kz
175
оқылды

Бейжің Олимпиадасында фристайл-акробатикадан Ақмаржан Қалмұрзаева 12 спортшы қатысқан финалда 11-орын алды, – деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы іріктеуде фристайл-акробатикадан бірінші финалға өтіп, ТОП-12 спортшының қатарына енген еді. Бірақ финалда Ақмаржан Қалмұрзаева секіріп, жерге түскенде құлап қалды. Төрешілер 52.36 ұпай берді. Екінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева 71.23 ұпай алып, жалпы есепте 11-орын алды.