Партия мүшелеріне құрмет көрсетілді

Партия мүшелеріне құрмет көрсетілді

Жыл басында елімізде болған төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен 5518 әскери бөлімінің әскерлеріне қиын сәтте қолдау білдірген бірқатар партия мүшелеріне құрмет көрсетілді.

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Р. Ақбалиннің бұйрығымен «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунковқа, «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, көп балалы ана, жеке кәсіпкер А.Масалимоваға және "OREOL" ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты С.Коротинге «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгісі табысталды.   Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік әрекеттерін сапалы қамтамасыз етуде көрсеткен көмегі үшін және ҚР Ұлттық ұланның құрылғанына 30 жыл толуына орай «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары А.Байжанова, «Страна чудес» балабақшасының директоры, "Nur Otan" партиясы жанындағы білім беру мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Л.Мамбурова, «ВОСТОКВЗЫРЫВПРОМ» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, партия филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Д.Сомов, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры, облыстық мәслихат депутаты, партия филиалы жанындағы білім және ғылым мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Шаймарданов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты М.Мун алғысхатпен марапатталды.   «Елімізде енді мұндай қайғылы күндер болмасын. Қиын кезеңдерде көрсеткен көмектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін. Тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеу жолында бірлесе қызмет атқара берейік», - деді Ұлттық ұланы Шығыс өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің командирі, полковник Бақытжан Құлбаев.  

А.ӘБІЛ, Шығыс Қазақстан облысы