Теміржолда әр шақырымның қожайыны бар ма?

Теміржолда әр шақырымның қожайыны бар ма?
Фото: vjdo.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті теміржолды пайдаланатын кәсіпкерлерді ашық диалогқа шақырды, – деп хабарлады otyrar.kz.

Ел арасында «қала ішіндегі теміржолдың әр шақырымының иесі бар. Олар сол аралықта жүк алатын тұтынушыларға тариф белгілейді. Тарифтен бөлек, басқа да артық талаптар қояды» деген сыбыс бар.

Бұл жайтқа қатысты департамент өкілдері пікір білдірді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ернар Қоспаев: «Тең бәсеке болуы керек. Бір жолмен 4-5 мекеме жүк алады. Бірінде тариф арзандау, енді бірінде қымбат. Ол сататын өнімнің бағасына әсер етеді. Бұлай болмауы керек, тең бәсекелестік болуы шарт», – деді.

Бұған дейін астық тиелген 12 вагон аударылып, пойыз қатынасына кедергі келтірген еді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.