Ақмола облысының аумағында «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка» трассасында үлкен жол апаты болды. Суыт оқиғада үш бірдей адам қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Полицияның берген деректері бойынша, 37 жастағы елорда тұрғыны Қосшы қаласынан Jaс маркалы автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына қарай шыққан. Қарсы бағытта Қабанбай батыр ауылына қарай келе жатқан «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Jaс автокөлігімен соқтығысқан. «Жол апатының салдарынан «Лада Приора» көлігінің жүргізушісі мен елордада тұратын екі жолаушы тіл тартпай көз жұмған. Ал 37 жастағы Jaс жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Қазір аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.