Ұятқа қалған Тараз әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті
Ұятқа қалған Тараз әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті
Фото: yandex.kz
172
оқылды

Әріптесін балағаттап, елдің алдында ұятқа қалған Тараз қаласы әкімінің орынбасары өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Асхат Есеналиевтің теңселіп, әкім кеңесшісімен жаға ұстасқан видеосы әлеуметтік желіде  қызу талқыланды. Шенеунік осы даудан соң, өз еркімен қызметінен кетті. Бірақ видеодағы кос шенеуніктің ішімдік ішкен-ішпегені сол күйі белгісіз. Бірнеше күн бұрын желіде Асхат Есеналиев пен қала әкімінің кеңесшісі Нұрбол Қожықовтың бір-бірімен жанжалдасқан кезі түсірілген видео тарады.

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Есеналиевтің ерегесі туралы жазған болатынбыз.