Бюроның отырысы өтті
Бюроның отырысы өтті
180
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда 2022 жылдың 17 ақ­па­ны­на жоспарланған Сенат оты­рысы­ның күн тәртібіне шығарылатын мәселелер қаралды. Алдағы Сенат отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Бұл хаттама мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға және Еуразиялық эко­номикалық одақта адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық кеңістік қалыптастыруға арналған. Сондай-ақ мүше мемле­кеттер экономикаларының электр энергетикасы саласындағы тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін тиісті жағдай жасауды көздейді. Сонымен қатар палата отырысының күн тәр­тібіне «Қазақстан Республикасы мен Ресей Феде­рациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы шыға­рылды. Аталған шарт Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери сала бойынша ынтымақтастықтың түрлі бағытын дамытуға бағытталған. Нақты айтқанда, мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерлерді қолдануды бірлесіп жоспарлау, өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл, жедел және жауынгерлік дайындық, әскери білім мен ғылым, бітімгершілік қызмет сияқты салалардағы ынтымақтастықты қамтиды.