Бүгін Үкімет отырысы өтіп жатыр. Ел тұрмысын түзеу үшін Мемлекет басшысы қаңтар айында 140 тапсырма берді.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, осы кезге дейін 44 тапсырма орындалды.«Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жағдайды тұрақтандыру үшін қаңтарда Мемлекет басшысы жедел және жүйелі жүзеге асыруға 140 тапсырма берді. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды, 32 тапсырманы аяқтауға таяп қалдық», – деді Әлібек Қуантыров.Ұлттық экономика министрлігі халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен инфляцияны бақылау және төмендетудің қамын жасауы тиіс.
Сондай-ақ шағын бизнесті қолдап, қорғап, дамыту үшін «Атамекенді» реформалап, «Қарапайым заттар экономикасының» тиімділігін талдап, майнингке салықты бірнеше есе арттыру міндеті де тұр.