Астанада алай-дүлей бораннан 17 әуе рейсі кешікті
Астанада алай-дүлей бораннан 17 әуе рейсі кешікті
Фото: sott.net
129
оқылды

Астанада қолайсыз ауа райынан әуе рейстері кешігіп жатыр.

Әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекеновтің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан 10 ұшып шығатын және 7 ұшып келетін әуе рейсі кешіктірілді.
«Сондықтан жолаушылардан әуе рейсі туралы ақпаратты Call-орталыққа хабарласып немесе әуежайдың анықтама бөлімінен нақтылауды сұраймыз», – деді Әнуар Шәлекенов.

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды. Астана мектептерінде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды.