Қазақстанда жалдамалы пәтер үшін субсидия алуға өтінім беру қашан басталады?
Қазақстанда жалдамалы пәтер үшін субсидия алуға өтінім беру қашан басталады?
Фото: m.nn.ru
449
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жалдамалы пәтерді субсидиялауға өтінім қабылдау сәуір айында басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Өтінімдерді қабылдауды 5 сәуірде бастауды жоспарлап отырмыз», – деді министр.
Оның айтуынша, өтінімді цифрлық платформада қабылдау сынақ түрінде 15 наурызда басталады.
Өтінімді қабылдау ЭЦҚ арқылы жүзеге асады. Қажетті құжаттарды жинақтау онлайн форматта жүргізіледі.
Бұдан бұрын Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй жалдау субсидиясы берілетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар мыналар: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) отбасының жиынтық табысының соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспайтын болуы; 3) тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте кезекке қойылғанын растау; 4) тұрғын үй иесі мен өтініш беруші арасында жасалған шарттың болуы. Төлемдерді тағайындау үшін өтініш беруші банкке ЭЦҚ арқылы: 1) төлемдер тағайындауға өтініш; 2) тұрғын үйді жалдау шартын қоса береді.

Құқық белгілейтін құжаттар тиісті ақпараттық жүйелерден алынады. Отбасы банк ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді. Мақұлдаған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде жалдау төлемі аударылады.