Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағытында жаңа әуе рейсі іске қосылды
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағытында жаңа әуе рейсі іске қосылды
Фото: kapital.kz

Астанадан Әбу-Дабиге қатынайтын жаңа әуе рейсі іске қосылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«14 ақпанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы бірлесіп, екі елдің астанасы арасында жаңа тұрақты рейс ашты. Екі ортаға А-321 типті ұшақ қатынайды» делінген хабарламада.
Әуе рейсі дүйсенбі және жұма күндері орындалады. Билет құны 20 евродан басталады.

Бүгін ауа райының қолайсыздығынан астанада 17 әуе рейсі кешікті.