36 миллион теңге: Қазақстандағы қару-жарақ бағасы қолжетімді ме?
36 миллион теңге: Қазақстандағы қару-жарақ бағасы қолжетімді ме?
©А.Ахметқазы

Қару-жарақ ұстауға тыйым салынған елде қылмыс екі есе көп болатынын білетін бе едіңіз? Ал рұқсат етілген елде оның қаупі одан да көп болуы мүмкін ғой. Міне осындай дүдамал сауал туындаса әлем халқының пікірі қашанда екіге жарылған. Осыған байланысты Қазақстанда кімге қару-жарақ ұстауға рұқсат етіледі, қандай түрін күнделікті тұрмыста пайдалануға болады және оның бағасы қанша екенін Aikyn.kz анықтап көрді. 

«Қорамсақ» ассоциациясының атқарушы директоры Сергей Катновтың айтуынша, елімізде қолданыстағы қару-жарақтың ішінде кең таралғаны – аңшылық қару. – Ал өзін-өзі қорғауға арналған қаруды айтсақ, оған тегіс ұңғылы қаруды жатқызуға болады. Бірақ оны өзімен бірге алып жүруге рұқсат жоқ. Өзге елдегідей бізде рұқсат етілгені – тек электрошокер мен газ бүріккіші (газовые баллончик). Оларды кез келген жерден сатып алуға болады. Электрошокердің өзіне де біраз құжат қажет етеді. Сақтық шараларын мұқият сақтау қажет: сейф, сондай-ақ дабыл орнатылу керек. Себебі электрошокер бізде оқ атуға болатын қару ретінде қарастырылады, – дейді ол. Сергей Катнов газ бүріккіші мен газды тапаншаның қатты айырмашылығы жоқ екенін айтты. – Екеуі де газ шашады. Тапаншадан гөрі, газ бүріккішін алған оңай. Өйткені оған наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан анықтама алса болғаны. Ал газды тапанша алудың әуресі көп, – деді Сергей Катнов. [caption id="attachment_184001" align="alignnone" width="800"]қару-жарақ ©korgan.kz[/caption] Елімізде газ бүріккішінің бағасы – 5-8 мың теңгенің аралығында тұрады. Онда да көлеміне байланысты бағаланады. Жалпы қару-жарақтың құны фирмасы, калибрі мен металына байланысты өзгеріп тұрады. Мәселен, Korgan center қару-жарақ дүкенінде калибрі 8 мм газды тапанша – 33 900 теңге. Zoraki фирмасының қаруы осындай бағамен басталған. Ал ең қымбаты ресейлік тапанша МР-78-9ТМ 98 мың теңге тұрады. Калибрі 9 мм газды әрі травматикалық қару Kamerad дүкенінде 185 580 теңгеден басталады. Қымбаттауы – 238 975 теңге. Жалпы, газды қарудың тапаншасы да, мылтығы да бар. Оның айтуынша, травматикалық қаруды қауіпсіздік құрылымдарына ұстауға рұқсат етілген. Ал жеке адамдардың ұстауына қатаң тыйым салынған. Жалпы, еліміздің азаматына төрт аңшылық қару ұстауына болады. Оның екеуі – тегіс ұңғылы қару. Қалған екеуі – ойық ұңғылы қару. Заң қабылданбай тұрғанға дейін бірнеше қару алып үлгіргендерге рұқсат қала береді. Бастысы, қаруды сақтау талабының бәрі орындалуы тиіс. Тегіс әрі ұзын ұңғылы қарудың бағасы 158 мыңнан басталады. Оның өзі страйкбол ойнында пайдаланатын мылтық. Ең қымбаты – 12 калибрлі Benelli 828U. Оның бағасы – 1 910 000 теңге. Негізі сұраныста осы фирманың қаруы екен. Орташа бағасы миллионның үстінде. Ойық ұңғылы қарудың қымбаты 36 миллион теңге тұрады. Нысанды көздейтін әйнегі swarowski-дің  тасынан жасалған. Люкс брендіне жататын қару Verney-Carron Vintag компаниясына тиесілі. Жалпы, осы компания үздіктердің қатарына кіреді. Қазір жеңілдікпен карабин impast plus-ті 1 миллион 300 мың теңгеге алуға болады. Оның негізгі бағасы – 2 миллион. [caption id="attachment_184000" align="alignnone" width="1200"]қару-жарақ ©kamerad.kz[/caption] – Мұндай қаруды сатып алу үшін алдымен 3 жылдық тәжірибесі болуы тиіс. Одан кейін қару сатып алуға қажетті құжаттарды жинау керек. Қажетті анықтамаларды жинау, қаруды ұстау ережелерін зерделеу қажет. Үйде барлық талаптарға сай келетін сейфті орнатып, мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Содан соң барлық құжатты электронды үкімет сайтына тіркейді. Сол жерде азаматтық және қызметтік қару мен оның оғын сатып алуға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға рұқсат алу қажет. Міне, осы рұқсат 5 жылға жарамды. Уақыты келгенде осы анықтамаларды қайта жинап, тапсыру керек болады, – дейді Сергей Катнов. Директордың сөзінше, әлемде үйге қажетті техниканың көшірмесін шығаратын фабрикалар өте көп. Бірақ қару-жарақтың көшірмесі немесе лицензияланбағаны болмайды. "Өйткені Walther болса, ол қару тек Германияда шығарылады. Benelli Италияда, ал Browning АҚШ-та шығарылады. Бұл фирмалар қарудың қандай да бір деталін жауынгерлік қаруға келуіне жол берімейді. Сол себепті осы атаған фирмалардың қаруын біздің қару-жарақ дүкендеріннен табуға болады" дейді ол.