Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады
Украина туы. Көрнекі фото: Sergii Kharchenko/NurPhoto via Getty Images
Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында шетелде жүрген отандастарымызға үндеу жасады. 
"Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дер кезінде көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке тұруын сұраймыз", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, елшілікке келмей-ақ веб-сайттағы тіркеу картасын толтырып, төлқұжаттың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электрондық поштасына жіберу арқылы консулдық тіркеуге тұруға болады. Facebook: https://www.facebook.com/KazEmbassyUkr/; Instagram: @kazembukr; Telegram: t.me/KZembassyinUKR; Telegram-bot: @ConsulKZinUAbot Елшіліктің байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (жедел қоңыраулар үшін). Бұған дейін Украина Ресейді 48 сағат ішінде кездесуге шақырғанын жазған болатынбыз.