Президент Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады
Президент Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады
159
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук парақшасында.
«Қазақстандықтар өзіңнің «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарында көрсеткен өнеріңді асқан қызығушылықпен тамашалады. Олимпиаданың ашылу салтанатында көк туды желбіретіп алып шықтың. Өз жанкүйерлеріңнің сенімін ақтап, шорт-тректен 500 метрге жүгіруде финалдық бәсекеге дейін жетіп, нәтижесінде 4-орын иелендің. Бұл осы спорт саласы бойынша жоғары көрсеткіш екені анық», – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ оның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, отандастарымызды қуанта беретініне сенім білдірді.