Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
127
оқылды
Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады. 16 ақпанда түнде Қарағанды облысының шығысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. 16 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында тәулік бойы, 17 ақпанда облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады деп болжанды. 16-17 ақпанда облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз 16 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 17 ақпанда жел түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде болады. 16- 17 ақпанда Петропавл қаласында күндіз жаяу бұрқасын соғады. 16 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. 16-17 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман болады. Шығыстан жел соғады, тау асуларында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Шымкентті алдағы күндері түнде және таңертең тұман басады. Түркістанда 16-17 ақпанда түнде және таңертең тұман болады. 16 ақпан Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, сонымен қатар Атырауда тұман басады. 16 ақпан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман басады. Оралда және Ақтөбе облысының батысында түнде және таңертең тұман болады. 16 ақпанда түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады деп болжанды. Түнде облыстың батысында тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.