Қарағанды облысында заңсыз майнинг фермасы анықталды
Қарағанды облысында заңсыз майнинг фермасы анықталды
Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысында заңсыз майнинг дерегін анықтады, - деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.
"Майнинг фермасының жұмысына 40 тонналық төрт контейнер тартылды, онда майнингке арналған 1 173 жабдық орналасқан. Барлық жабдықтың бағасы 5,87 миллион АҚШ доллары немесе 2,5 миллиард теңге болады", - делінген хабарламада.
"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды. https://www.youtube.com/watch?v=ntm3caY2tos&feature=emb_title