Жақында Алматыда жүріп бара жатқан көлік терезесінен шыққан жартылай жалаңаштанған қыздың видеосы әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Полиция қыз бен көліктің жүргізушісі жазаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көлік жүргізушісі 1997 жылы туған А. есімді азамат болып шықты. Бұл дерек мониторинг барысында анықталды. Құқық бұзушыға қатысты 230-баптың 2-бөлігі (сақтандырудың жоқтығы), 590-баптың 9-бөлігі (техникалық байқаудың болмауы), 593-баптың 1-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу), 599-баптың 1-бөлігі (бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қозғалу) бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды.
«Жүргізушіге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көлік терезесінен шыққан қызға қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын хабарлаймын. Оған ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша айып тағылды», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.