Жоспар жүзеге асып жатыр
Жоспар жүзеге асып жатыр
434
оқылды
«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қо­ғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы, облыстық мәс­лихат депутаты, жиын модераторы Абдолла Идрисов күн тәрті­біндегі негізгі мәселені атап, өзге де қаралатын тақырыптарды таныстырды. Бірінші кезекте партияның сай­лауал­ды бағдарламасының 1-2-тар­мақтарына қатысты мәселе көтерілді. Яғни, мұнай көлемін 2022 жылы 43 млн тоннаға дейін жеткізу және мұнай-химия өндірісі көлемін 2020 жылғымен салыстырғанда 19,7%-ға ұлғайту жұмыстары сараланды. Со­нымен қатар Теңіз кенішіндегі үшін­ші жоба құрылысына қатысты жер­гілікті үлесті арттыруға және тауар өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстарды жүргізуге қатысты пікір алмасып, талқылады. Күн тәртібіндегі алғашқы екі мә­селелер бойынша облыстық Кәсіп­керлік және индустриялық-иннова­циялық даму басқармасының бөлім басшысы Ақбөбек Шарғабаева баяндама жасап, атқарылған жұмыс­тар мен күтілетін нәтижелер туралы сөз қозғады. Ал ірі кен орындарының бірі саналатын «Теңіз» тақырыбына қатысты «Консолидейтед Контрак­тинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л.» офшор компаниясының ат­қарушы директоры Орақ Бисембиев, «Сенімді құрылыс» ЖШС бас дирек­торының орынбасары Жазира Қалиева, «Велестрой» ЖШС бас директорының орынбасары Марко Босич баяндама жасады. Тақырыптар кеңінен талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Айтылған мәселелерді жұмыс барысында ескеру туралы тараптар да атап өтті. Жиын соңында модератор А.Идрисов депутаттарды белсенді жұ­мыс істеуге шақырып, кеңес оты­ры­сын қорытындылады.