Премьер-лига наурызда басталады

Премьер-лига наурызда басталады

Еліміздегі футболдан Премьер-лига командалары арасындағы биылғы біріншілік 5 наурызда басталады. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәліметінше, алғашқы турда  «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар», «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз», «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы) командалары кездеседі. Еске салсақ, футболдан Қазақстан суперкубогы 2 наурызда елордада «Астана Арена» стадионында өткізіледі. Суперкубокта қостанай­лық «Тобыл» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» сарапқа салады.