Бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатты
Бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатты
Маңғыстау халқына үндеу жолдаған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласындағы бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Облыс әкімінің айтуынша, жалақыны көтеру мәселесін Жаңаөзен қаласына іссапармен келген «Қазмұнайгаз» компания­сының басшысы Алик Айдарбаев өз бақылауына алған. Қаладағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев бастаған ар­найы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Нұрлан Асқарұлы облыс тұрғындарын сабыр сақтауға шақырып, көтерілген мәселерді шешуге уақыт қажеттігін айтты. Қазір Жаңаөзен қаласындағы шағын және орта бизнес нысан­дары қосымша 50 жаңа жұмыс орнын ашуға міндеттеме алған. Мұнан бөлек, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы қысқа мер­зімде Жаңаөзен қаласының 150 жұмыссыз азаматын жұмысқа ор­наластырмақ. Тағы 150 тұр­ғын­ды сервистік мекемелерге жұ­мысқа қабылдауды жоспар­лаған.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ