Финалға өте алмады
Финалға өте алмады
Бейжіңдегі  Ақ Олимпиада ойындарында бүгін фристайл-акробатикасынан ерлер арасындағы іріктеу сыны мәресіне жетті. Дүбірлі додада ел намысын қорғаған Шерзод Хаширбаев финалдық кезеңге жетпей сүрінді. Ол екінші мүмкіндігінде трамплиннен секіріп, қайта жерге түсу сәтінде тепе-теңдігін сақтай алмай құлады. Бұл жаттығуда төрешілер оған 69,23 ғана ұпай берді. Хаширбаев бірінші іріктеу кезеңінде 109,74 ұпай жинаған. Фристайл акробатика  үздіктері бүгінгі ақтық сында белгілі болады.