Партия қатары толыға түсті
Партия қатары толыға түсті
«Nur Otan» партиясы фрак­циясының мүшесі, Павлодар облыстық мәс­ли­хатының депутаты Илья Теренченконың төра­ғалығымен фракцияның осы жылдағы бірінші ке­зекті отырысы өтті. Күн тәр­тібіне сәйкес, отырыс­та бірнеше мәселе талқы­ланды. Өткен жылы Павлодар об­лысының қалалық және ау­дан­дық мәслихаттарында әр­түр­лі себепке байланысты, 4 де­путат­тық орын босады. Бос орындарға резервте тұрған де­путаттардың канди­датуралары қаралды. 2020 жы­лы резервте тұрған барлық депутат прайме­ризге қатысып халыққа сай­лауалды бағдарла­масын ұсын­ған еді. Осы жылы резервте тұрған депутаттар жастар ара­сынан іріктеліп, таңдалды. Екібастұз қалалық мәслихаты­ның депутаты ре­тінде Арман Амургалиновтың, Баянауыл аудандық мәслиха­тына Самат Мақажанов пен Айдос Дәу­леттің, Тереңкөл ау­данының мәслихатына Мұрат Базарбаев­тың канди­да­ту­расы ұсынылды. Канди­дат­тар партияның ор­талық ап­паратымен келісілді және бе­кітілді. Енді депутат­тық­қа кан­­дидаттар Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсы­ны­лады. Екінші мәселе бойынша «Өңірлік даму жөніндегі» қоғамдық кеңестің төрағасы Динара Айтжанованың, «Жас­тарды қолдау жөніндегі» ке­ңестің мүшесі Санира Жүсіп­ова­ның, «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі» кеңестің төрағасы Марина Стрелковскаяның қоғамдық кеңестердің 2021 жылы ат­қарған жұмыстары туралы есебі тындалды. Биыл 11 ақпанында пар­тия­ның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың төрағалы­ғымен кеңес өтіп, онда бір­қатар тапсырма берілген бо­латын. Өздеріңіз білетіндей, ел Президенті партия съезінде сөйлеген сөзінде қаңтардағы қайғылы оқиғалар туралы, со­ның ішінде жастардың әлеу­меттік-экономикалық бейім­делуі мәселесінде елеулі ол­қылықтар бар екені туралы атап айтты. Партия осы са­нат­тағы жұмысты қайта фор­мат­тап, жастарды қолдау жөнін­дегі облыстық қоғамдық кеңестің жұмысын күшейтіп, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауы қажет. Осыған орай Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің төраға­лығына облыстық мәслихат­тың депутаты Серік Жарты­баев­тың кандидатурасы ұсы­нылды. Депутаттық фракция мүшелері кандидатты бірауыз­дан қолдап, қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде сайланды. «Жастарды қолдау жөнін­дегі кеңестің алдына «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесіп, әсіресе ауылдық жерлерде жас­тармен өзара ынтымақта әрекет етуге барынша күш са­ламын. Жастар қанатының қатарында тұрған жандармен жан-жақты жұмыс істеп, жас­тар арасында беделге ие көш­басшылар пулын қалыптас­тыруды және жас депутаттар корпусының әлеуетін пайда­лануды міндетіме аламын»,– деді Илья Теренченко. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша, Павлодар облысы Экономика және бюд­жеттік жоспарлау басқар­ма­сының басшысы Ирина Назарчук «Nur Otan» партия­сының «Өзгерістер жолы: әр­кімге лайықты өмір!» сай­лауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол карта­лары индикаторлары бойынша баяндама жасады. Отырыс соңында Илья Теренченко 11 ақпанда пар­тияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың төрағалығы­мен өткен кеңесте берілген тап­сырмаларды аумақтық фи­лиалдар мен қоғамдық кеңес­тердің төрағаларына жеткізді.