Қазақстанға келген шетелдік туристер үшін туроператорға қаржы төленеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Айдос Сәкенов айтты.
Мақсат – Қазақстанда туризмді дамыту, көрікті мекенді әлемге насихаттау. Сол үшін шетелдік туристерді тарту үшін туроператорларға 1 адам үшін 15 мың теңгеден төленбек.«Әрбір шетелдік турист үшін туроператорларға 15 мың теңге төлейміз. 2022 жылдан бастап халықаралық тәжірибе бойынша bed tax нормасы күшіне енді. Биыл 0% мөлшерлеме белгіленген, кейіннен ол қағидаларда бекітілген әдістемеге сәйкес, әртараптандырылады. Мұның барлығы ішкі-сыртқы туризмін дамытуға бағытталған. 1 қаңтардан бастап барлық норма күшіне енді», – деді комитет төрағасы Айдос Сәкенов.
Бұған дейін "Сайрамдағы сансыз бап туристерді неге қызықтырмай отыр?" деген мәселені жазған болатынбыз.