Игерілмей жатқан қанша жер мемлекет меншігіне қайтарылды?
Игерілмей жатқан қанша жер мемлекет меншігіне қайтарылды?
Фото: uralskweek.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мәлімдеуінше, биыл игерілмей жатқан 3,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Игерілмей, бос жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару үшін заңнамаға  өзгерістер енгізілген. Енді бос жатқан аумақтарды тексеру мен оны қайтару мерзімі 2 жылдан бір жылға қысқарады. Міндетіне салғырт қараған жер иеленушілер де жауапқа тартылады. Оларға игермеген жерден өз еркімен бас тарту үшін салық мөлшерлемесін ұлғайту көзделіп отыр.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев: «Республика бойынша 22,4 млн гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Оның ішінде, 1,1 миллионы – егістік және 23,1 млн гектары – жайылым. Оның 3,2 млн гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 3 млн гектары – жайылым, 223 мың гектары – егістік алқабы", – деді.

Бұған дейін сенатор Ақылбек Күрішбаев ең шұрайлы жерлерді 21 адам иеленіп отырғанын айтқан еді.