Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 16 ақпандағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.Алайда бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді.