Астана әкімі орынбасарының ата-анасы баласының қарамағында жұмыс істей ме?
Астана әкімі орынбасарының ата-анасы баласының қарамағында жұмыс істей ме?
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметінен алынды

Астана әкімдігі «жуырда тағайындалған әкім орынбасары Есет Байкеннің қол астында өзінің ата-анасы жұмыс істейді» деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп жазады sputnik.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, Есет Байкеннің ата-анасы өзінің қол астында жұмыс істемейді. Есет Байкеннің анасы мемлекеттік қызметте 1997 жылдан бері жұмыс істеді. Соңғы қызметі қаржы басқармасы бастығының орынбасары болды. Ол Есет Байкен қызметке тағайындалғанға дейін өз еркімен мемлекеттік қызметтен кеткен. Әкесі 2000 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Есет Байкен Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалған кезде-ақ мүдделер қақтығысын болдырмау үшін Көлік басқармасының бас маманы қызметінен өз өтініші бойынша жұмыстан кеткен. Оның қазіргі жұмыс орны Есет Байкеннің қызметіне ешқандай қатысы жоқ.

Бұған дейін ұятқа қалған Тараз әкімінің орынбасары қызметтен өз еркімен кеткені туралы жазған болатынбыз.