Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Мемлекет басшысына Орталық сайлау комиссиясының сайлауаралық кезеңдегі қызметінің басым бағыттары таныстырылды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқанын өткізуге қатысты өңірлердегі сайлау органдарының жұмысы туралы баяндалды.Кездесу қорытындысы бойынша Президент Орталық сайлау комиссиясына сайлауаралық үдерістердің заңға сәйкес толық ашық болуын қамтамасыз етуді тапсырды.