Елордада деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Елордада деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
183
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында сотқа дейінгі тергеу шеңберінде деструктивті діни ағымды ұстанушылар тобын құрықтады. Олар Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымға қатысты және экстремистік әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартты деп күдіктелуде. Ұсталғандардың екеуі жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық үшін сотталғаны анықталды. Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу іс-қимылдары жалғасуда.