Алматы облысындағы дәмханалардың бірінде 18 адам уланып қалған
Алматы облысындағы дәмханалардың бірінде 18 адам уланып қалған
159
оқылды
Оқиға 29 қаңтарда болған. Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы Бесағаш ауылындағы дәмханалардың бірінде донер жеген. Кешке қарай адамдар өзін нашар сезінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы, 1-бөлімі (Абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығуына, жұқтыруына, зақымдануына немесе улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиена нормаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дәмхана жанындағы донер бекеті санитарлық-эпидемиологиялық салауат жағынан рұқсатсыз жұмыс істеген. Сонымен бірге донер сататын дәмханада санитарлық ережелер талаптарының басқа да бірқатар заңбұзушылықтары анықталды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.