Қызылорда базарларының бірінде ер адам орын үшін үстіне бензин құйып жіберген. Куәгерлер оқиға туралы Instagram желісінде жазған.
"Дау-дамай базардағы орын үшін басталды. Ер адам біздің көзімізше үстіне бензин құйып жіберді. Сосын оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, оны алып кетті", - деп жазды желі қолданушылары.Қалалық Полиция басқармасы осы оқиғаның бір күн бұрын болғанын растады.
"Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол кептірілген жеміс сатумен айналысады. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы әкімшілік құқықбұзушылық хаттама толтырылды. Іс шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жіберілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.