«КамАЗ» арнайы автомашинасымен басып өтпек болған: Қызылордада сарбаздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
«КамАЗ» арнайы автомашинасымен басып өтпек болған: Қызылордада сарбаздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: tengrinews.kz
146
оқылды
Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылордада әскерилерді «КамАЗ» көлігімен басып өтпек болған ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты. Санжар Әділовтің дерегінше, Қызылордада 5 қаңтарда әскерилерден тартып алынған «Камаз» арнайы автомашинасын қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз еткен қызметкерлер тізбегін басып өтуге бағыттаған осы қаланың тұрғыны ұсталды. Нәтижесінде Ұлттық ұланның 19 жастағы сарбаз оқиға орнында көз жұмды.
«Ата-анасы жалғыз ұлынан айрылды, тірі күнінде ол бағдарлама жасаумен айналысушы еді және философиямен әуестенген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқыды. Өмірге үлкен жоспарлар жасап, ІТ-маман болуды армандаған еді», - деді ол.
«Сол күні осы қаланың тағы бір шабуылшысы әскерилерден басқа «КамАЗ» автомашинасын тартып алып, жедел басқару орталығының жұмысына кедергі жасау мақсатында электр бағанын қасақана соғып, бейнебақылау камераларын істен шығарды. Одан соң Жергілікті полиция қызметінің ғимаратын басып алу мақсатында қоршаудың қақпасын соқты. Екі оқиға бойынша да күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды, бейнежазбалар олардың кінәсін дәлелдейді», - деді департамент бастығы.