Нұралы Әліп «Зенит» ойыншысы атанды
Нұралы Әліп «Зенит» ойыншысы атанды
Санкт-Петербургтік «Зенит» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті ресми түрде таныстырды. «Қайрат» пен «Зенит»  Нұралы Әліпті сатып алу құқығымен бір жылға жалға беруге келіскен. Қаңтар айында «Зениттің» оқу-жаттығу жиынында өнер көрсеткен Әліп екі гол соғып үлгерді. Ертең «Зенит» Еуропа лигасының 1/16 финалындағы алғашқы ойынын испаниялық «Бетис» командасына қарсы өткізеді.