СҚО-да боран кезінде жоғалып кеткен ер адам бір тәуліктен соң табылды
СҚО-да боран кезінде жоғалып кеткен ер адам бір тәуліктен соң табылды
154
оқылды
СҚО-да ер адам далада бір тәулік бойы адасқан, деп хабарлайды Polisia.kz.  Құтқарушылар мен полицейлер 40 жастағы СҚО тұрғынын бір тәулік бойы іздеді. Ер адам салт атпен шығып, адасып кеткен. Түк көрінбейтін бораннан бағытынан адасып, кейін қайтатын жолын таппаған. Ауыл тұрғынын іздеуге ТЖ бөлінісінің және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Абырой болғанда, ер адам қар құрсауынан өз бетімен шығып, жақын маңдағы елдімекенге келген.
"Төтенше жағдайлар департаменті полиция, жергілікті атқарушы органдарды жұмылдырып, іздеу жұмысын ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындар да көмектесті. Ер адамды іздестіруге барлығы 50-ге жуық адам мен 20 техника тартылды. Оның қатарында жол талғамайтын әрі батпақ-саздан оңай өтетін көлік те бар. Іздеу аумағы 200 шаршы шақырымды құрады. Іздеу шаралары түнде де тоқтаған жоқ", - деді СҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы Серік Наурызбаев.