«Екі балаңды тірідей көрмейсің» – Қазақстан адам саудасы бойынша 83-орында тұр
«Екі балаңды тірідей көрмейсің» – Қазақстан адам саудасы бойынша 83-орында тұр
Фото: diariolibre.com
250
оқылды

Адам саудасына тыйым болмай тұр. Әлем бойынша Қазақстан 83-орында тұр. Astana TV-ның мәліметінше, 2020 жылы 1891 адам сауданың құрбаны болған. Оның 744-і ­ Қазақстан азаматы. Көпшілігі қара жұмысқа құлдыққа түскен.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары жыныстық құлдықтан гөрі, қара жұмыс істеуге құл болғандар саны басым. Алматыдағы оңалту орталығына көмек сұраған әйелдің тағдыры да қылмыстық істің қозғалуына түрткі болды. Өзбекстан азаматшасы Алматыға жұмыс іздеп келген. Таныс арқылы орналасқан жерде «аса ірі көлемде ақша ұрлады» деген айыппен қара жұмысқа жегілген.
«Алматы қаласына таныс арқылы келдім. Кафеге еден жуушы болып жұмысқа орналастым. Қателеспесем, қазан айында, басында бәрі жақсы болған. Бірақ уақыт өте келе қоқан-лоқы көрсете бастады. «Екі балаңды тірідей көрмейсің», - деді. Телефонымды, құжаттарымды тартып алды. Ешкімге хабарласа да алмадым. Маған көп ақша ұрладың деп, жұмыс істеуге мәжбүрледі», - дейді жәбірленуші.
Орталық директоры құлдыққа көбінесе Өзбекстан азаматтары түсетінін айтады. Көпшілігі ер адамдар екен.

«Родник» әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының директоры Нина Балабаева: «2020 жылы 35 адамға көмек көрсеттік. Оның 30-ы ер адам, 5-і әйел. Өзбекстан 1-орында, ал жекелеген жағдайлар Польша, Ресей, Қырғызстан. Былтыр 60 адам, 51 ер, 9 әйел. 56 адам Өзбекстаннан келген», ­- дейді.

Осыған дейін адам саудасымен айналысқан 1200 жендеті бар қылмыстық топтың жетекшісі ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.