Сенат Жоғарғы сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады.
«Президенттің ұсынысы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР Сот жүйесі мен сульяларының мәртебесі турлы» ҚР Конституциялық заңы 34-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындыға келді: Сенатқа Жаңылсын Баянқызы Архарованы орнынан түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғары сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады, – деді сенатор Владимир Волков.Сенат ұсынысты қолдап, қаулыны қабылдады.
Бұған дейін Жоғарғы соттың үш судьясы сайланғанын хабарлаған болатынбыз.