Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, – деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
"Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы төрағасының міндетін Райымбек Баталов атқаратын болды. Төралқа төрағасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде сайланады", – деп хабарлады баспасөз қызметі.Съезд 18 ақпанда өтеді. Шарада ұлттық палатаның басқару органдарының мәселелері, оны реформалау, сонымен қатар басқа да өзекті мәселелер талқыланады.