Бас прокуратура ҰҚК-нің тағы екі қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ақпаратты Бас прокуратура растады, - деп жазады orda.kz.
«Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Н.Мәжілов пен Р.Ысқақовқа қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз», - деді Бас прокуратура.Сондай-ақ Бас прокуратура «тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайтынын» мәлімдеді. Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Нұрлан Мәжілов Алматы қаласы ҰҚК департаментінің бастығы болып жұмыс істеген. Қалада дүрбелең болған кезде ол ҰҚК басшысы болған. 2022 жылдың 13 қаңтарында оның орнына Марат Ирменов келді. Руслан Ысқақов – ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, 5-бөлім құқық қорғау органдарына қарсы барлаумен қамтамасыз етумен айналысады. Руслан Ысқақов пен Нұрлан Мәжіловтың ұсталғаны туралы ақпарат алғаш рет телеграм-каналдардың бірінде пайда болды. Бұған дейін ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы қамауға алынғанын жазған болатынбыз.