Мәскеудің оңтүстігіндегі фитнес-клубтың күзетшісімен жанжал кезінде ММА жауынгері Бағдат Дүйсембаевқа оқ тиген, – деп хабарлады ТАСС агенттігі.
«Жақында Орджоникидзе көшесіндегі 10а үйдегі фитнес-клуб күзетшісімен жанжал кезінде ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ тиді. Зардап шегуші Н.И. Пирогов атындағы қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады агенттік тілшісі.РФ ІІМ ҚБ мәліметінше, бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде. Оқ атқан адам қашып кеткен.