Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында сайлау комиссияларының мүшелерімен, саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және блогерлермен сайлау процесі мәселелері бойынша үлкен кездесуі болды.
Кездесуді аша отырып, ол Ортсайлаукомның республиканың барлық өңірлеріне жұмыс сапарының циклі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отырғанын атады. Ортсайлауком төрағасы «Алғашқы кездесуіміздің осы Сыр бойында өтіп отырғаны да кездейсоқ емес, бұл мекен Қазақстанның тұңғыш елордасы әрі киелі топырағы» – деп атап өтті. Кездесуде сайлауды ұйымдастырушылар мен жергілікті жұртшылық өкілдерінің сайлау жүйесін және оның заңнамасын жетілдіру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде оны құқықтық тұрғыдан қолдану жөніндегі кешенді мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.