5 облыста ескерту жарияланды

5 облыста ескерту жарияланды

18 ақпан күні Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.  18 ақпан түнінде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавлда 18 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болады. Шығыс, оңтүстік-шығыстан таулы аймақтарда жел 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 18 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Ақтауда күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында жел екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі. Еске салайық, синоптиктер болжамы бойынша 18 ақпанда Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз күн райы күтілуде. Республиканың тек оңтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық ағындардың жылжуынан қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.