Тоқаев күнделікті ақпаратты қайдан алатынын айтты
Тоқаев күнделікті ақпаратты қайдан алатынын айтты
139
оқылды
«QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбаты кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті қандай ақпарат көздерін пайдаланатынын айтты. 
"Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым. «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал, теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы өзінің қанша уақыт Президент болатынын айтқанын жазған болатынбыз.