Қазақстанда шектеу шаралары жеңілдетіледі

Қазақстанда шектеу шаралары жеңілдетіледі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады.

  • «Ashyq» бойынша «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің «жасыл» және «сары» аймақтарында – шектеусіз, «қызыл» аймақта – толымдылығы 70% - ға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, күшейтілген сан-дез режимін сақтау) рұқсат етіледі

  • егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;

  • ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;

  •  ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады («Ashyq» жобасынан «сары» мәртебесін алып тастау).

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.