Азаматтар құқын қорғауды тапсырды
Азаматтар құқын қорғауды тапсырды
140
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет ми­нистрі Қанат Мусинді қабылдады. Бұл ту­ра­лы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президентке министрліктің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен 2022 жылы мән берілетін басым бағыттар жөнінде баяндалды. Биыл 26 заң жобасы әзірленіп, Пар­ламент қа­рауына енгізіледі деп жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекет мүддесінің қазақстандық және халықаралық соттарда қор­ғалуын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Қазір ми­нистрлік 25 іс бойынша мемлекет мүд­десін қорғау жұ­мыстарын жалғастыруда. Атап айтқанда, олардың 14-і халықаралық арбитраж­дардың, 5-еуі шетелдік соттардың қарауында жатыр, 6 іс сотқа дейінгі өн­дірісте. Президент Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін әзір­леніп жатқан нормативтік-құқықтық актілердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азамат­тар­дың құқығы мен бостандығын қорғауға бағыт­талған заңгерлік қызмет көрсету ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.