Grand Slam жарысының финалына шықты
Grand Slam жарысының финалына шықты
Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік Grand Slam  жарысы өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Бауыржан Нарбаев финалға шықты. 60 келіге дейінгі салмақ дәре­же­сінде ол финалда украиналық Артем Лесюкпен кездеседі. Сон­дай-ақ дәл осы салмақ дәрежесінің қола жүлдесін Мағжан Шамшадин сарапқа салады. Оның жұбаныш финалындағы қарсыласы әзер-бай­жан­дық Карамат Гусейнов болады. Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ғұсман Қыр­ғызбаев та қола жүлде үшін күре­­седі. Оның қарсыласы Украина спортшысы Богдан Ядов бол­мақ. Айта кетерлігі, 66 келіде та­тами­ге шыққан Елдос Сметов жарыс­тың екінші белдесуінде қар­сы­ласына жол берді.

Әбілмансұр ЖАСАН