Абылай Мырзахметов «Атамекеннен» кетті
Абылай Мырзахметов «Атамекеннен» кетті
Фото: atameken.kz
185
оқылды

Абылай Мырзахметов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметінен кетті.

«Басқарма төрағасы ретінде отставкаға кету туралы шешім қабылдадым», – деді Абылай Мырзахметов.
Абылай Мырзахметов 1992 жылы Ломоносов  атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1992 жылы «Алтын-Алма» концерні» АҚ қаржы директоры болып бастады.
  • 1995-1997 жылдары – «Айсел-Қазақстан» ЖАҚ бас директоры.
  • 1997-1998 жылдары – «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының бірінші орынбасары.
  • 1998 жылы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып тағайындалып, осы қызметте үш жыл жұмыс істеді.
  • 2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін басқарды.
  • 2002-2004 жж. – «DALA GROUP» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі.
  • 2005-2007 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) президенті.
  • 2007 жылдан – «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшесі.
  • 2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті.
  • 2011-2013 жылдары – «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы.
  • 2013 жылдың қыркүйегінен бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма бөрағасы болды.