Алматы облысында әйелімен жанжалдасқан ер адам өз үйін өртеп жіберді
Алматы облысында әйелімен жанжалдасқан ер адам өз үйін өртеп жіберді
Фото: ПД-нен алынды
145
оқылды

Алматы облысында үй өртенді. 44 жастағы тұрғын әйелімен ұрыс-керістен соң, өз үйін өртеп жіберді. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады.

Биыл 15 ақпанда Талғар ауданында саяжайда үй өртенді. Үйден әйел мен екі кішкентай бала қашып үлгерген. Үйді өртеген 44 жастағы отағасы ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Ер адам әйелімен жанжалдасқан соң үйді өртегенін айтты. Қылмыстық кодекстің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін әйелін пышақтаған әкімдік қызметкері сотталғаны туралы жазған болатынбыз.