Семейде 21 жастағы қыз 9-қабаттан секіріп, көз жұмды
Семейде 21 жастағы қыз 9-қабаттан секіріп, көз жұмды
© ratel.kz
126
оқылды
Семей қаласында тоғызыншы қабаттан секірген қыз мерт болды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға 16 ақпан күні Бірінші шағын аудан көшесінде болған. «102» жедел арнасына хабарласқан азамат белгісіз біреудің 9 қабаттан секіріп кеткенін жеткізді. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қыздың денесін тапқан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Семей қалалық ПБ Затон полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігі бойынша өзге ақпараттар жария етілмейді», – делінген хабарламада.